"Алматыда тұрақты тұрмайтындар қаладан кетуі керек": Желіде тараған ақпарат рас па?

"Алматыда тұрақты тұрмайтындар қаладан кетуі керек": Желіде тараған ақпарат рас па?

"Алматыда тұрақты тұрмайтындар қаладан кетуі керек": Желіде тараған ақпарат рас па?
ашық дереккөзі
Ел тұрғындары 22 наурызда пойыздар мен ұшақтардың қозғалысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарламалар таратуда. Сондай-ақ онда Алматыда тұрақты тұрмайтындар қаладан кетуі керектігі айтылған.  Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл ақпараттың қазіргі жағдайға еш қатысы жоқ яғни шындыққа жанаспайды. Шын мәнінде, бұл – Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарынан алынған үзінді. Ол эфирге бір жыл бұрын – 2020 жылғы 18 наурызда шыққан. Онда сол күні болған оқиғалар, оның ішінде коронавирустың елде таралуына байланысты сол кезде енгізілген шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылады. Бұл шығарылым толығымен "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының ресми сайтында мұрағатта сақталған.