347
Әлемді судың жаһандық тапшылығы күтіп тұр — ЮНЕСКО
Әлемді судың жаһандық тапшылығы күтіп тұр — ЮНЕСКО
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одре Азуле 2030 жылға қарай әлем халқы 40 пайыз көлемінде жаһандық су тапшылығына тап болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Оның айтуынша, су тапшылығы өзге де жаһандық проблемалардың, соның ішінде пандемияның салдарынан да күрделене түседі.
Азуле атап өткендей, әлем су ресурстарын сақтауға жеткілікті күш жұмсамайды және қазір олардың құнын дұрыс бағалау мәселесі өткір тұр.
"Су – біздің ең құнды ресурсымыз, "көгілдір алтын", оған 2 миллиардтан астам адам тікелей қол жеткізе алмайды. Бұл адамның өмір сүруі үшін ең маңызды қажеттілік қана емес, сонымен қатар адамзат қоғамында санитарлық, әлеуметтік және мәдени рөл атқарады", - деп атап өтті ұйым басшысы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемде судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс – құм қоры таусылуға жақын екенін хабарлағанбыз.
Құм — жолдар, көпірлер, жоғары жылдамдықты пойыздар құрылысында, сондай-ақ шыны, кремний чиптерін жасауда және басқа да өндіріс түрлерінде қолданылатын негізгі зат. Әлем қазірдің өзінде оның тапшылығына тап болып отыр. Сарапшылардың болжамынша, бұл ХХІ ғасырдың ең үлкен проблемаларының бірі болмақ.