212
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталды
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді.
5 356 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 5 179 адам, анықтамасыз 177 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 868 жолаушы: анықтамамен – 2 727, анықтамасыз – 141;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 265 жолаушы: анықтамамен – 1 236; анықтамасыз – 29;
- Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, 576 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;
- Түркістан қаласының әуежайына – 2 рейс, 370 жолаушы: анықтамамен – 363; анықтамасыз – 7;
- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген.