Жүзуден Қазақстан спортшылары төрт медаль жеңіп алды. Түркияның Стамбул қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр. Қазақстан спортшылары Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында байрақты бәсекеге қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан спортшылары төрт медаль жеңіп алды. 100 м қашықтықта "баттерфлай" әдісімен жүзу бойынша Әділбек Мусин топ жарды. 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңімпаз атанған жерлесіміз Дмитрий Баландин 50 м дистанцияда күміс медалды қанағат тұтты Ал Әділ Қасқабай еркін стильде 100 м қашықтықта жүзу бойынша төртінші орыннан көрінді. Әйелдер арасында брасс бойынша 50 метрді Аделина Пчелинцева бірінші болып жүзіп өтті. Анастасия Резванцев 200 м қашықтықта екінші орын иеленді. Айта кетерлігі, аталған жарыс 21 наурызға дейін жалғасады.
Жүктелуде...