Әлемдегі ең бақытты ел анықталды

Әлемдегі ең бақытты ел анықталды

Әлемдегі ең бақытты ел анықталды
ашық дереккөзі
Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырысымен әзірленетін World Happiness Report-тың 2021 жылғы есебі жарияланды. Онда дүниежүзінің ең бақытты елдерінің тізімі көрсетілген.  Рейтингте Финляндия бірінші орында тұр. Бұл мемлекет төртінші жыл қатарынан әлемнің ең бақытты елі атанып отыр. Исландия, Дания, Швейцария және Нидерланд алғашқы бестікке енсе, алғашқы ондыққа Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия енген. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орыннан көрінді. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Эстония 28-ші орында, Литва 29-шы орында, Қырғызстан – 33-ші, Латвия – 34-ші, Қазақстан – 36-шы, Молдавия 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы және Грузия 73-ші орында тұр. Зерттеуде барлығы 149 ел қамтылған. Айта кетейік, Әлемдік бақыт туралы баяндама 2012 жылдан бері жарияланып келеді. Оны құрастыру барысында зерттеушілер жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау деңгейі, өмір сүру ұзақтығы, азаматтық бостандықтың сақталуы, жұмыспен қамту кепілдігі, сыбайлас жемқорлық деңгейі сияқты көрсеткіштерді, сондай-ақ қоғамдық пікір нәтижелерін ескереді.