Алматының "барахолкасы" тағы өртенді

Алматының "барахолкасы" тағы өртенді

Алматының "барахолкасы" тағы өртенді
ашық дереккөзі
Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 9 наурыз күні түскі сағат 14:51 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 7, Байсат базары мекен-жайы бойынша, жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Өрт сөндіру техникасының өтуіне жеке автокөліктер кедергі келтірген. Сондықтан «109» құтқару қызметінің эвакуаторлары жіберілді»,- деп хабарлады ведомствадан.