19 наурыз: тарих беттеріне жазылған маңызды даталар

/
19 наурыз: тарих беттеріне жазылған маңызды даталар
ашық дереккөзі
19 наурыз: тарих беттеріне жазылған маңызды даталар Осыдан екі жыл бұрын еліміздің тарихында маңызды оқиға орын алды. 2019 жылы 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтататынын мәлім етті. Конституцияға сәйкес, ҚР Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауысты. Сонымен қатар, 1931 жылы 19 наурыз күні Қазақстандағы алғашқы әрі алдыңғы қатарлы медициналық оқу ордасының бірі – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық академиясы ашылды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Жоғарғы сот кеңесінің бірінші мәжілісі өтті. 2001 жылы Астана қаласының «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты әлеуметтік-экономикалық дамуының (2005 жылға дейін) мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 2007 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Катардың жоғары мемлекеттік наградасы – «Тәуелсіздік» орденімен марапатталды. Орденді 1978 жылы Катар әмірі Халифа бин Хамад әл-Тани елдер арасындағы достықты дамытуға қосқан үлесі үшін шетелдік мемлекет басшыларын, үкімет басшыларын марапаттау үшін бекіткен. 2013 жылы Алматыда қаржыгерлер аллеясы ашылды. Оған 70 Тянь-шань шыршасы отырғызылды. 2013 жылы «Эйр Астана» компаниясының Emblaer әуе лайнеріне Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық және «Тарлан» сыйлығының лауреаты Әмина Өмірзақованың есімі берілді. 2014 жылы Қытай астанасының орталығында «Чаоян» саябағында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіш ашылды (мүсінші Юань Сикунь). 2015 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) хатшылығында ұлттық нақыштағы «Астана» мәслихат залы салтанатты түрде ашылды. ШОС хатшылығының бірнші қабатында орналасқан залдың ауданы 60 шаршы метрден асады. 2017 жылы қазақстандықтар Сұңғат Закарин мен Аслан Қанатбек джиу-джитсудан Грекия астанасы Афинада өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында әлем чемпионы атанды. Жеке және командалық есепте үздік атану үшін әлемнің 45 елінен жиналған 1000-нан астам спортшы күрес жүргізді. 2018 жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде - 89) Американың Ирвинг қаласында өткен жүлде қоры 150 000 доллар Челленджердің жеңімпазы атанды.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары