Еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады – Қазгидромет

/
Еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
Еліміздің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады – Қазгидромет Жұма күні елімізде нөсер жауын жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, – деп хабарлады Қазгидромет. 19 наурызда Қара теңіз аймағынан келетін циклон республиканың барлық аймағына әсер етеді, кей жерде нөсер жаңбыр және қалың қар жауады, жел күшейіп, найзағай ойнайды, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ болады, Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетіп, тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін. Маңғыстау, Ақмола, күндіз Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары