Ғалымдар коронавирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары адамдарды атады

Ғалымдар коронавирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары адамдарды атады

Ғалымдар коронавирусты қайта жұқтыру қаупі жоғары адамдарды атады
ашық дереккөзі
267
Дат ғалымдарының зерттеуінше, 65 жастан асқан адамдардың коронавирусты қайта жұқтыру ықтималдығы жоғары. Бұл туралы Lancet ғылыми журналына сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Жалпы, коронавирустан айыққан науқастарда қайта жұқтырудан қорғау деңгейі 80,5 пайызды құрайды, бірақ 65 жастан асқан адамдар арасында бұл көрсеткіш 47,1 пайызға дейін төмендейді. Зерттеу авторларының айтуынша, алынған нәтижелер пандемия кезінде қарт адамдарды қорғау шараларының маңыздылығын көрсетеді, атап айтқанда,  қашықтықты сақтау және оларды вакцинациялау қажеттігін айғақтайды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ғалымдар коронавирустың супертаратушылары кімдер екенін айтқан еді. Массачусетс технологиялық университеті мен Гарвард мамандары жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, дене салмағының жоғары индексі (BMI) бар адамдар мен қарт адамдар вирустың бөлшектері бар тыныс алу тамшыларын өзгелерге қарағанда көбірек шығарады.  

Серіктес жаңалықтары