Індет өршіді: Польшада 20 наурыздан бастап қатаң локдаун енгізіледі

Індет өршіді: Польшада 20 наурыздан бастап қатаң локдаун енгізіледі

Індет өршіді: Польшада 20 наурыздан бастап қатаң локдаун енгізіледі
ашық дереккөзі
281
Польшада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ел билігі бүкіл мемлекет аумағына қатаң локдаун енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді, деп хабарлайды TVN24. Қатаң шектеулер 20 наурызда күшіне енеді және кем дегенде 9 сәуірге дейін сақталмақ. Жаңа ережеге сәйкес, сауда орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, галереялар және басқа да ойын-сауық орындары, бассейндер мен моншалар жабылады, бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшеді. Министр жұмыс берушілерді мүмкіндігінше көп қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеуге жіберуге шақырды. Недзельский елде вирустың таралу қарқыны артқанын, індет жұқтырғандардың 52 пайызында британдық штамм анықталғанын түсіндірді. Министр билік бұдан былай індет өршіген аймақтарда ғана шектеулер қоя алмайтынын айтты. Сондай-ақ, егер қажет болса, шектеулер күшейтілуі мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары