АҚШ-тың екі штаты ет үшін араздасып қалды

АҚШ-тың екі штаты ет үшін араздасып қалды

АҚШ-тың екі штаты ет үшін араздасып қалды
ашық дереккөзі
296
АҚШ-тың екі көршілес штаты — Колорадо мен Небраска еттен бас тарту акциясы үшін араздасып қалды. Кикілжіңге Колорадода өткен "Етсіз бір күн" шарасы себеп болды. Бұл акцияға жауап ретінде Небраска "Ет күнін" жариялады, деп хабарлайды BBC. Колорадо губернаторы Джаред Поли еттен бас тарту жүрек ауруы, қант диабеті және қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады деп мәлімдеді. Десе де саясаткердің өзі вегетариан емес. "Өсімдіктекстес тағамдар көміртегі ізін азайту, ормандарды, шалғындар мен жануарлардың тіршілік ету ортасын сақтау арқылы қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі, сонымен қатар су жолдарының ластану деңгейін төмендетеді", — деп түсіндірді Поли. Небраска басшысы Пит Рикеттс көрші аймақтың әрекетін "өмір салтына шабуыл" деп санады және еттен бас тарту штатта экономикасындағы негізгі саланы құрдымға жіберетінін атап өтті. Оның айтуынша, Небраска халқының шамамен 25 пайызы ет өнеркәсібінде жұмыс істейді. Аймақтағы фермерлердің ет сатудан жиынтық табысы жылына 12 миллиард долларды құрайды.

Серіктес жаңалықтары