Қытайда "Оскар" сыйлығын тапсыру рәсімін көрсетуге тыйым салынды

Қытайда "Оскар" сыйлығын тапсыру рәсімін көрсетуге тыйым салынды

Қытайда "Оскар" сыйлығын тапсыру рәсімін көрсетуге тыйым салынды
ашық дереккөзі
258
Қытай билігі жергілікті ақпарат құралдарына Оскар сыйлығын тапсыру рәсімін эфирден көрсетуге тыйым салды, деп хабарлайды Bloomberg.  Мұндай шешімнің қабылдануына журналист Андерс Хаммердің 2019 жылы Гонконгта болған наразылық акциялары туралы  Do Not Split атты деректі фильмінің сыйлық үміткерлері қатарына енуі себеп болған. Ол "Үздік қысқаметражды деректі фильм" аталымында бақ сынауда. Сонымен қатар, Bloomberg дереккөздері марапатқа ұсынылған қытайлық режиссер Хлои Чжаоның саяси ұстанымына қатысты алаңдаушылық барын атап өткен. Сыйлықты тапсыру рәсімін көрсету кезінде тек саяси астары жоқ марапаттарға ғана назар аударылады. "Оскар" жеңімпаздары 25 сәуірде жарияланады. Марапаттау рәсімін 225 елдің тұрғындары тікелей эфир арқылы көре алады.  

Серіктес жаңалықтары