216
Елбасы шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс болды
Елбасы шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде ауыс-түйіс болды
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің екі лауазым иесі қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметінен;
Ерлан Сатыбайұлы Абдақасов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.
Елбасы шешімімен Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне Расул Қабдоллаұлы тағайындалса, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметін атқару міндеті Данияр Нұрашұлы Есинге жүктелді.