17 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

17 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

17 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
230
Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен 17 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді. Маңғыстау облысында жел қарқыны кей жерлерде 23-28 м/с дейін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с. Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады. Жаяу бұрқасын көтеріледі. Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.  

Серіктес жаңалықтары