Елорда «қызыл» аймақта: бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдады

Елорда «қызыл» аймақта: бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдады

Елорда «қызыл» аймақта: бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдады
ашық дереккөзі
226
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорданың «қызыл аймаққа» өткені ескеріліп, бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдағанын айтты. «Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 127 жағдайы тіркелді. Репродуктивті көрсеткіштің саны бірден асып тұр. Қаланың «қызыл аймаққа» өткені ескеріліп, кеше бас санитарлық дәрігер қосымша шектеу шараларын қабылдады. Олар халық көп жиналатын орындардың қызметіне қатысты. Атап айтқанда, ойын-сауық орталықтары, сауда орындары, қоғамдық көлік, мектеп, мейрамхана жәнеклубтар, кинотеатрлар мен фитнес орталықтары және басқа да нысандар», – деді әкім Үкімет отырысында. Қала басшысының айтуынша, індеттің жұқтырудың одан әрі таралуына жол бермес үшін бірқатар шара қабылданған. «Инфекциялық стационарларда әзірге 720 төсек әзірленген. Коронавирус расталған 331 адам, пневмониямен 31 адам емделуде. Барлық стационар медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Резервте 7 мың төсек-орын бар», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары