Семей тұрғыны дүкен сатушысына пышақпен шабуыл жасаған

Семей тұрғыны дүкен сатушысына пышақпен шабуыл жасаған

Семей тұрғыны дүкен сатушысына пышақпен шабуыл жасаған
ашық дереккөзі
402
Семейде дүкен сатушысын пышақпен қорқытып, кассадан 12 мың теңге алып кеткен қаскүнем құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ақпан айының соңында Семей қаласының полицейлеріне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласып, қала дүкендерінің бірінде белгісіз ер адамның пышақ тәріздес затпен қорқытып, кассадан 12 000 теңге көлеміндегі ақшаны қолды еткенін айтты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады, ол өз қылмысын мойындады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабының 1-бөлігімен (Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатындағы шабуылға ұшыраған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күш қолданумен немесе тiкелей осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Серіктес жаңалықтары