262
Сарапшы телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады
Сарапшы телефонды қуаттау кезіндегі қателіктерді атады
Цифрлы өнімдерді зерттеуші маман Эльвина Насибулина телефон батареясының мерзімінен бұрын ескіруіне әкеліп соғатын қателіктерді атады деп хабарлайды Российская газета.
Маман смартфонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берді. Ұйықтар алдында біраз уақыт бұрын қуаттап, энергияны үнемдеу режимін қосып қоюды ұсынды.
"Телефонды температура тым жоғары немесе тым төмен бөлмеде қуаттамаған жөн", - деді Э.Насибулина.
Бұдан бөлек, сарапшы Қытайдан әкелінген "әмбебап қуаттағыштарды" пайдаланбай, түпнұсқа адаптерлерді пайдалануды ұсынды. Эльвина Насибулинаның айтуынша, телефон қуаты толық таусылғанын күтудің қажеті жоқ.
"Батареядағы қуат деңгейі 10-15 пайыз болған уақытта құрылғыны тоққа қосу керек. Смартфон батареясы үшін 20 пайыздан төмендемеген және 80 пайыздан аспаған қуат деңгейі өте қолайлы болып саналады", - деп түсіндірді маман.
Егер телефон қуаты тез таусылатын болса, параметрден қуат статистикасын тексеру қажет. Айтарлықтай ақау байқалса, бірден жөндетуге апарған дұрыс.