459
Ұланбатыр – Алматы бағытына ұшақ қатынайды
Ұланбатыр – Алматы бағытына ұшақ қатынайды
Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес, 2021 жылғы 24 наурызда Ұланбатыр – Алматы бағыты бойынша арнайы ұшақ ұйымдастырылады, деп хабарлайды Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі.
Аталған рейсті «Hunnu Air» әуе компаниясы жүзеге асырады. Рейспен Қазақстан азаматы, ықтиярхаты бар және қазақ ұлтына тиесілігі туралы анықтамсы көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттары бар азаматтар Қазақстанға бара алады.
Сонымен қатар, Қазақстанның аумағына келетін барлық азаматтардың қолдарында 72 сағат ішінде алынған COVID-19 ПТР тестісінің теріс нәтижесі болуы қажет.
Ұшаққа отырғызылатын азаматтарды тізімге енгізу үшін алдына ала тізімделуі шарт. Сондай-ақ, рейстің уақыты мен билеттің құны бойынша қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефонына хабарласа аласыздар: +976 11 333999