362
Елімізде бүгінге дейін 70 мыңға жуық адамға вакцина салынды
Елімізде бүгінге дейін 70 мыңға жуық адамға вакцина салынды

Қазақстанда «Спутник V» ресейлік вакцинасымен егуге қатысты статистикалық мәлімет жарияланды.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпаратына сәйкес, 2021 жылдың 15 наурызындағы жағдай бойынша, елімізде вакцинаның 1-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 69 095 адам. Вакцинаның 2-компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 18 807 адам.