296
Мемлекет басшысы Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады
Мемлекет басшысы Grammy иегері Иманбек Зейкеновті құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Grammy сыйлығына ие болған Иманбек Зейкеновті құттықтады.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады.
«Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді. Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!», – деп жазды Б.Уәли Facebook-тегі парақшасында.