Алматы облысында "жеңгетайлықпен" айналысқан қыз ұсталды

Алматы облысында "жеңгетайлықпен" айналысқан қыз ұсталды

Алматы облысында "жеңгетайлықпен" айналысқан қыз ұсталды
ашық дереккөзі
342
Карантин кезінде Алматы облысында монша атын жамылған притон жұмыс істегені анықталды. Мұнда 21 жастағы алматылық қыз әкімші болып істеген, оған қоса келушілерге жағымды демалыс ұсынған, деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел іс-шаралар барысында 21 жастағы Қарасай ауданындағы саунаның әкімшісі кешеннің жұмысын ұйымдастырумен ғана айналыспаған, сонымен қатар жеңіл жүрісті қыздарды келушілерге ақшалай сыйақыға ұсынған болып шықты. Мұнда өздерінің нақты ережелері бекітілген болып шықты. Күн сайын әрбір жезөкше әкімшіге интимдік қызмет көрсеткені үшін төленген қаражаттан белгілі бір мөлшердегі бөлігін беріп отырған. Алматылық "жеңгетайдың" бұл әрекеттері 10 наурызда әшкереленді. Рейд кезінде оңтүстік астананың тағы бір 22 жастағы тұрғыны моншадан табылды. Ол келушілерге жыныстық қызмет көрсеткен. Анықталғандай, әйел 2018 жылдың сәуірінде қарақшылық жасағаны үшін сотталып, шартты түрде 4 жылға сотталған.

Серіктес жаңалықтары