Жиырма жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты

Жиырма жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты

Жиырма жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубпен келісімшарт жасасты
ашық дереккөзі
Қазақстандық футболшы Бақдәулет Зұлпықаров Беларусь Жоғары лигасында өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы sports.ru хабарлайды. Жиырма жастағы футболшы бұған дейін Бірінші лигада ойнайтын шымкенттік «Қыран» командасында доп теуіп, 5 кездесуде 2 рет гол соққан. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін минскілік клуб сапына Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев қосылған болатын.