Тікелей эфир кезінде тележүргізушіні декорация басып қалды (видео)

Тікелей эфир кезінде тележүргізушіні декорация басып қалды (видео)

Тікелей эфир кезінде тележүргізушіні декорация басып қалды (видео)
ашық дереккөзі
ESPN Колумбия телеарнасындағы тікелей эфир кезінде студияда орнатылған декорация тележүргізушінің үстіне құлады. Нәтижесінде колумбиялық тележурналист Карлос Ордус үстелдің астында қысылып қалды, деп хабарлайды espn1420.com. Бәрінен де көпшілікті студияда Ордуспен бірге бағдарлама жүргізген өзге журналистердің реакциясы таңғалдырды. Бірер секунд абдырап қалған олар түк болмағандай бағдарламаны ары қарай жүргізе берді. Десек те кадр сыртында олардың Карлосқа «Тыныш, тыныш» деп айтқаны естіліп тұрды. https://www.youtube.com/watch?v=QtX99wGSeIQ