473
Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды
Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды

Ақмола облысының Аршалы ауданы Бұлақсай ауылындағы мектептің жылу қазандығы жарылды. Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға туралы хабар бүгін сағат 13:10-да түскен.
«Төтенше жағдайдың салдарынан мектептің жылу қазандығының аумағы 7 шаршы метр болатын бір қабырғасы құлады», – деді ведомстводан.
Ақмола облысы білім басқармасының ақпараты бойынша, мектепте 114 оқушы оқиды және оқиға болған сәтте олар үйде, қашықтықтан оқытуда болған.
Қазіргі кезде Ақмола облысының полиция департаменті тексеру жүргізуде.
