Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовтың ERG компаниясындағы қызметіне оның ұлы тағайындалды

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовтың ERG компаниясындағы қызметіне оның ұлы тағайындалды

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовтың ERG компаниясындағы қызметіне оның ұлы тағайындалды
ашық дереккөзі
ERG компаниясы Шухрат Ибрагимовтің Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанын жариялады. Шешім 2021 жылғы 3 наурызда күшіне енген. Шухрат Ибрагимов сонымен қатар Менеджерлер кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитет, Сыйақылар жөніндегі комитет пен Бірігу мен жұтылу жөніндегі комитеттердің құрамына кірді. Осылайша, биылғы жылдың ақпан айында қайтыс болған ERG-дің негізін қалаушылардың бірі – Алиджан Ибрагимовтың Менеджерлер кеңесіндегі орнын ұлы Шухрат Ибрагимов басып отыр. Менеджерлер кеңесіне тағайындалғанға дейін Шухрат Ибрагимов алты жыл бойы ERG-дің бизнесті дамыту жөніндегі департаментіне жетекшілік еткен. Ол бүгінде кобальт өндірісінің көлемі бойынша әлемде екінші, ал мыс өндіру көлемі бойынша ең ірі өндірушілер қатарына енген Metalkol RTR, ERG-дің Бразилиядағы кіріктірлген темір кені мен логистикалық BAMIN жобасы сынды бірқатар ауқымды халықаралық бастамаларды әзірлеп, іске қосуға атсалысқан.