Қазығұрт тұрғыны 2 жыл бойы дүниеден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған

Қазығұрт тұрғыны 2 жыл бойы дүниеден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған

Қазығұрт тұрғыны 2 жыл бойы дүниеден өткен әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған
ашық дереккөзі
Қазығұрт аудандық полиция басқармасына аудан прокуратурадан келіп түскен құжатта жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болған әкесіне мемлекет тарапынан төленетін зейнетақысын заңсыз алып келгені көрсетілген.  Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2 жыл 3 ай бойы әкесінің зейнетақысын заңсыз алып, мемлекетке 1 миллион 200 мыңнан астам теңге шығын келтірген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Ақпарат алысымен полицейлер күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-не жеткізді. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан 2 жыл бұрын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаны қайтарған.