Қазығұрт аудандық полиция басқармасына аудан прокуратурадан келіп түскен құжатта жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болған әкесіне мемлекет тарапынан төленетін зейнетақысын заңсыз алып келгені көрсетілген. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2 жыл 3 ай бойы әкесінің зейнетақысын заңсыз алып, мемлекетке 1 миллион 200 мыңнан астам теңге шығын келтірген. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Ақпарат алысымен полицейлер күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, АПБ-не жеткізді. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан 2 жыл бұрын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаны қайтарған.
Жүктелуде...