Санымызға ғана емес, сапамызға да әсері бар

Санымызға ғана емес, сапамызға да әсері бар

Санымызға ғана емес, сапамызға да әсері бар
ашық дереккөзі
378
Соңғы уақытта көші-қон сальдосының көрсеткіші алаңдатарлық екені жиі айтылып жүр. Яғни, кеткендер – көп, келгендер – аз. 2020 жылғы қаңтар-қыр­күйек аралығында елден 21 мың адам біржола көшіп кеткен. Осы 9 айда елге 9 233 адам келген. Айырмашылық – 11 846 адам. Тек биыл ғана емес, 2017 жылы – 37 704, 2018 жылы – 41 894, 2019 жылы  45 231 адам шетелдің азаматы атанған. Жалпы, соңғы 5 жыл ішінде елден 190 мыңға жуық адам кеткен. Олардың жартысы – 34 жасқа дейін­гі жастар. Мәселе санның азаюында емес, оған қоса сапаның кемуінде болып тұр. Қоныс аударушылардың 54 пайызы – жоғары білімділер 2020 жылғы үш тоқсан ішін­де 15 жастан асқан 11,4 мың жо­­­ғары білімді маман басқа ел­дің азаматы атанған. Бұл – бар­лық эмигранттардың 54,3 пайы­зы. Көшіп келген дәрігерлерден кө­шіп кеткендер 3 есе, техника ма­мандары 5 есе, педагогтер 4 есе көп. Сондай-ақ 387 заңгер, 280 сәу­летші мен құрылысшы, ауыл шаруа­шылығы саласындағы 155 ма­ман кеткен. Пандемияға бай­ла­нысты шекара жабылғанның өзін­де, көрсеткіш кемімеген. 2019 жылдың дәл осы кезеңінде ел­ден қоныс аударушылардың ішін­дегі жоғары білімді азамат­тар­дың үлесі  50,6 пайыз бол­ған. 2020 жылғы қаңтар-қыр­күйек­те көшіп келген мамандар 3,5 мыңға да жетпейді. Яғни, елге кел­ген мамандар кеткен кадр­лардың үштен бірінің де орнын толтырмайды.  width= Өңірлер бойынша салыстыр­сақ, ең көп маман Қарағанды об­­­лысынан (1,7 мыңнан астам), Шы­ғыс Қазақстаннан (1,6 мың ма­ман), Қостанай (1,4 мың адам) жә­не Павлодар (1,4 мың адам) об­­лыстарынан кеткен. Қызыл­ор­да және Түркістан облыстарында көр­сеткіш керісінше, көшкен ма­мандардың саны 30-ға жет­пейді. Сарапшы Мақсат Иман­до­сов мұны Ресейге оралып жатқан орыс­тардың үлесінің артуымен бай­ланыстырады. Эмигранттардың басым бөлігі – орыс ұлтының азаматтары
– Әркім әртүрлі жағдаймен ел­ден кетеді. Соған қарай себеп те сан алуан. Кейбіреулер оқып, бі­лім алу үшін, енді біреулер жұ­мыс істеу үшін көшіп жатады. Осы­ған қатысты басты екі себеп бар. Алғашқы себеп – ішкі жүйе­де­гі кемшіліктер, жағдайдың жа­салмауы, жұмыс орнының тап­шылығы. Бізде жұмысқа ор­наласу жағы қиын. Ал шетелде біз­бен салыстырғанда жұмыс орын­дары көп. Екіншіден, елден кө­шіп жатқандардың басым бө­лігі – орыс ұлтының азаматтары еке­нін де ескерген жөн. Олар та­рихи Отанына оралып жатыр. Мұндай жағдай тек бізде емес, бүкіл әлем елдерінде бар. Тіп­ті, Германия, АҚШ сияқты ал­пауыт елдерден де жыл сайын қыруар адам кетіп жатады. Ал эмигранттардың білім көр­сеткішіне келетін болсақ, он­да алаңдайтындай ештеңе жоқ. Олардың арасында жоғары бі­лім­­ділер де, орта білімі барлар да, бі­лімі жоқтар да бар. Яғни, алаң­дай­тындай ештеңе жоқ. Десек те, елімізде жақсы өмір сүру­ге толық жағдай жасалма­ға­нын ұмытпауымыз керек. Батыс ел­дерінде жалақы жоғары, өмір сүру деңгейі де соған сәйкес. Мы­са­лы, инженерді шетелде жоғары бағалайды. Шетелге оқуға кеткен қазақстандықтарға сол жақтан жұмыс ұсынса, әлбетте өзге елді таңдайды, – дейді сарапшы.
Жоғары білімі барлардан бө­лек, озат оқыған, бірнеше тіл бі­ле­тін жастардың басым бөлігі мүм­кіндігінше шетелден жоғары бі­лім алуға тырысатыны белгілі. Пан­демия басталып, шетелде бі­лім алып жүрген студенттерді елі­міздегі оқу орындарына ауыс­тыру мәселесі көтерілгенде, білім алушылардың тарапынан нара­зы­лық һәм менсінбеушілік бай­қал­ғаны жасырын емес. PaperLab зерттеу тобының са­рап­шысы, әлеуметтанушы Се­рік Бейсембаев білімді маман­дар­дың елден көшуіне ықпал ететін негізгі себептерді нақтылап алу маңызды екенін айтады. Мамандардың шетелге кетуі экономикамыз үшін жақсы емес
– Елден көшіп кеткендер қан­­­шалықты ел экономикасына кері әсерін тигізеді деген сұрақ соң­ғы уақытта жиі талқыланып жүр. Егер статистикаға сүйенетін болсақ, елімізде бұл үрдіс кең етек алып бара жатыр деп айтуға кел­мейді. Себебі бізде 2010 жыл­дар­да да жыл сайын 40 мыңға жуық адам елден кетіп отыратын, бірақ мигранттар саны көп бол­ғандықтан, қатты мән беріл­мей­тін. Ал қазір келетіндердің саны азайғанына байланысты сальдо теріс көрсеткішке шығып отыр. Дегенмен сапалық жағын қа­­расақ, инженерлер, дәрігерлер, жо­ғары немесе арнайы техни­ка­лық білімі бар мамандардың шет­елге кетуі экономикамыз үшін жақсы емес. Адами капитал де­ген түсінік бар. Адами капи­тал­ды құрайтын, ең алдымен адам­ның білімі, мамандығы, жасы. Ал біз­ден көшіп кететіндердің ба­сым бөлігі еңбекке қабілетті, жо­ғары білімі бар азаматтар еке­нін ескерсек, бұл құбылыс біз­ге ешқандай жақсылық әкел­мейді. Дабыл қағатындай жағдай емес десек те, эмиграцияның се­бебіне мемлекет тарапынан зерт­теу жасалуы керек деп ойлаймын. Се­бебі бізде әлі күнге дейін бұл мә­селеге қатысты нақты зерттеу­ге негізделген түсінік жоқ. Әркім өзінше пікір айтады. Біреулер эко­номикалық ахуалмен байла­ныс­тырады, енді біреулер қоғам­дық-саяси факторлардың се­бе­бі­нен деп жатады. Барлығы да әсер етуі мүмкін, дегенмен қазіргі жағ­­дайда білікті кадрларды мей­лін­ше өзімізде қалдыруға күш салу керек. Карантин кезінде үйде отыр­ған халық Түркия сияқты жылы, теңіз жағасындағы елдерге көшу туралы жаппай талқылап кетті. Бі­рақ талқылау мен оны іске асыру­дың арасы жер мен көктей. Жалпы, бір елден екінші елге қо­ныс аудару – өте күрделі әрі қиын процесс. Қаншалықты кө­шіп кетемін деп талпынғанымен де, жүзеге асыру қиын. Жалпы, әлеу­меттік сараптамалар ға қара­сақ, жалпы халықтың 20 пайызы – бас­қа елге көшуді құп көретіндер. Сан­ға шаққанда, бұл өте көп. Шын мәнінде, көшіп кететіндер бұл көрсеткіштен бірнеше есе аз, – дейді маман.
 width= Мәселенің  шешімі қандай? Hays халықаралық рекру­тинг­тік компаниясы мен Oxford Economics Британдық зерттеу ор­талығының мәліметінше, ре­сейлік білікті мамандар да ше­т­елде жұмыс істеуді жөн санайды екен. Басты себеп – жалақының аз­ды­ғы. Ресей үкіметі бұл мәсе­лені реттеу үшін 2024 жылдың соңына дейін 13 ауқымды бағ­дар­ламаны жүзеге асырмақ. Ол үшін 26 триллион рубль қаражат қа­растырылыпты. Өткен ғасырдың 70-жылдары Син­гапур да осындай мәселеге тап болған. Жыл сайын қаншама жо­ғары білімді азаматтар шетел­ге кетіп отырған. 1980 жылы Син­гапур үкіметі бұл мәселені мық­тап қолға алды. Жоғары білі­м алып жатқан студенттерге көңіл бөліне бастады. Сонымен қа­тар үкімет Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландия және Канададан Сингапурға жастарды тар­татын Халықаралық HR агент­тігін құрды. Қазір Сингапур әлем­дегі перспективалы елдердің қа­тарына жатады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі ал­пауыт компанияларда еңбек етіп жүрген қазақ жастары же­тер­лік. Олардың басым бөлігі не­гізгі білімді, қала берді жоғары бі­лімді де елден алған. Қатарында қа­зір біз үшін ауадай қажет IT са­ласының мамандары, ғалым­дар, дәрігерлер көп. Бәрінің де елге келуге ниеті жоқ емес. Ара­сын­да келіп, орнын таппай, қай­та кеткендері де бар. Көшіп келген азаматтардың ара­сында білікті, білімді, өз сала­сын­да жетістікке жеткен азамат­тар жоқ деуге болмас. Оларға да түр­лі кедергі көп. Әрине, жаһандану мен ақпа­рат­тың ашықтығы адамдарды өзі қа­лаған, ыңғайлы мекенде өмір сү­руге ықпал етіп отыр. Екінші жа­ғынан, бұл – құндылықтардың, за­манның өзгеруімен де тығыз бай­ланысты. «Өзге елде сұлтан бол­ғанша, өз еліңде ұлтан бол» дей­тіндер аз, ол үшін ренжудің өзі орынсыздау. Десек те, білікті ма­мандарды лайықты жұмыспен қамту, шетелде жүрген білімді жас­тарды елге тарту мәселесін ке­шіктірмей басты назарға алу ке­рек. Қазір біз үшін сапа да, сан да аса маңызды.

Серіктес жаңалықтары