2021 жылы қазақ тіліне аударылатын кітаптар

2021 жылы қазақ тіліне аударылатын кітаптар

2021 жылы қазақ тіліне аударылатын кітаптар
ашық дереккөзі
50674
  «Фолиант» баспасы 2021 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көретін кітаптар тізімін жариялады.  Баспа үйі біраз уақыттан бері шетел жазушыларының таңдаулы еңбектерін аударып, шығарып келеді. width= Қазақ оқырмандарын әлем әдебиетінің бестселлер кітаптарымен таныстыруды мақсат еткен «Фолиант» баспасы биыл Рэй Бредберидің «Фаренгейт бойынша 451 градус», Джон Рональд Руэл Толкиннің «Сақиналар әміршісі», Стивен Кингтің «Сол», «Жасыл миль», «Рита Хейворт және Шоушенктен қашу», Гузель Яхинаның «Зүлейханың оянуы», Халед Хоссейнидің «Батпырауық қуған бала», Кен Кизидің «Жындылар үйіндегі жанжал», Луиза Мэй Олкотттың «Кішкентай ханымдар», Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр», Джо Диспензаның «Түпсана күші», Герберт Уэллстің «Көрінбейтін адам», Ахмет Үміттің «Ыстамбұл естеліктері», Джон Стейнбектің «Тышқан мен адам хақында», «Інжу-маржан», Клайв Стейплз Льюистің «Арыстан, сиқыршы және киім шкаф», Роберто Риччидің «Қызыл Арлекин», Миясе Сертбаруттың «Сыр жасырған тұман» туындыларын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Баспа үйінің өкілі Диана Исабекова аталған әлемдік бестселлерлер авторлары өкілдерімен авторлық құқық туралы мәселелер толығымен аяқталып, қазіргі таңда аталған кітаптардың тәржімаланып жатқанын, редакциялық жұмыстары басталып кеткенін айтып өтті. «Фолиант баспасынан жарық көретін бұл туындыларды аударуға тәжірибелі аудармашылар, әдебиеттанушылар тартылды. Кітап аудармасы, оны басып шығару – аудармашы, редактор, корректор, дизайнер, заңгер, кеңесші, сондай-ақ техникалық топты біріктіретін күрделі шығармашылық процесс. Жуырда жарық көретін туындылар қазақ оқырмандарының көңілінен шығады деп сенеміз», – деді Диана Исабекова. Естеріңізге салсақ, «Фолиант» баспасының бастамасы бойынша әлем әдебиетінің алтын қазынасына айналған Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн», Мо Янның «Өмір мен өлім азабы», Орхан Памуктың «Ақ қамал», «Сезім музейі», «Менің атым Қырмызы», «Менің оғаш ойларым», «Үнсіз үй»  туындылары қазақ тілінде жарық көрген болатын. Наурыз айында Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесе, әлемге танымал швед жазушысы Астрид Линдгреннің тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған «Ұзыншұлық Пиппи» кітабының тұсаукесері өтті.    

Серіктес жаңалықтары