263
Президент: Береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік
Президент: Береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік
Әлемде коронавирус пандемиясының басталғанына бір жыл толды. Бұл жайында Қазақстан Президенті Twitter парақшасында еске салды.
«Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан өткерді. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді.
«Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік» дейді Мемлекет басшысы.