Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады
ашық дереккөзі
337
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды. Еске салайық, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді. Сондай-ақ, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Оған сәйкес, 1-5 сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.

Серіктес жаңалықтары