Дәрігерлер дәрі-дәрмексіз қан қысымын төмендету жолын айтты

Түрік дәрігерлері дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қан қысымын төмендетудің негізгі тәсілдерін атады, деп хабарлайды Sabah. 

Мамандардың сөзінше, қан қысымын қалыпқа келтіру үшін ең әуелі күнделікті ас мәзірін мұқият қадағалау керек: тұзды тұтынуды азайтып, ақуызды көп жеу, сонымен қатар калий мөлшері жоғары тағамдарды тұтынған жөн. Сонымен қатар, дәрігерлер сусындарды ішу режимін өзгертуге шақырды. Құрамында кофеин бар сұйықтықтарды ішуді азайтып, оларды шөп шайларымен алмастыруды ұсынды.

Өмір салтының өзге аспектілері де маңызды: қан қысымының жоғарылауына жол бермеу үшін күйзеліске түспеуге тырысу қажет. Күйзелістің салдарынан ағза жүрек қағысын жиілетіп, тамырларды тарылтатын гормондар бөле бастайды.

Бұдан бөлек, мамандар қан қысымын жоғарылататын факторлар қатарына артық салмақты, қант диабетін және ауырсынуды басатын дәрілерді шамадан тыс қолдануды қосты.

Back to top button