Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды

Киік мүйізін Қытайға сатқандар ұсталды
ашық дереккөзі
390

Атырауда киіктің мүйізін Қазақстаннан Қытайға сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Топты басқарған бұрын ҚХР азаматы болған қазақ, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" порталы.  Портал мәліметінше, қылмыстық топ басшысы - Қытай азаматы, 38 жаста. Этникалық қазақ Синьцзянь-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Құлжа ауылында дүниеге келген. Бала кезден Қытайда түрлі кәсіппен айналысып, кейін Қырғызстанда көкініс, киім-кешек, мата, ыдыс-аяқ сатқан. 2016 жылы алғаш рет Қазақстанға келіп, алдымен Таразда болып, кейін Алматыда бизнес ашқысы келген, бірақ жолы болмады. Бір жылдан кейін Қытайға қайта оралды. Онда сол кезде ислам дінін берік ұстанған адамдар қудаланып, солармен бірге оның үш ағасы Синцзяньдағы арнайы түзеу лагеріне қамалды. Болмысы қазақ қытайлық азамат таңдау жасап, 2018 жылы ҚР азаматтығын алады.

Осы жерде кәсіппен айналыспақ болған, бірақ оның көңілі бұрыннан басқада болған. Сол 2018 жылы ол қылмыстық жолмен кәсіп бастап, өзінің бұрынғы туған жеріне киіктің мүйізін сатты.

Серіктес жаңалықтары