Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады
ашық дереккөзі

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ БАҚ қызметкерлері, студент жастар мен көпбалалы аналар бар.

 width=

Еліміздің тәуелсіздігімен құрдас әнші Индира Еділбаева басты саяси күштің бір бөлігі болу үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенті Сахи Бекембай былтыр «ҚР Топ-100 студенті» байқауының жеңімпазы атанды.

Жас кәсіпкерлерге көмек көрсететін алматылық бизнесмен Ларион Лян пандемия еліміздегі экономикалық жағдайға теріс әсер еткенімен келіседі. Мәселен, Алматыда шағын және орта бизнестің көптеген кәсіпорындары, сауда, қызмет көрсету және туризм саласы коронакризистің соққысына ұшырады. Осындай жағдайда «Nur Otan» партиясы табысынан айырылған тұрғындарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына және аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсетті. Шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында мемлекеттен қолдау алды.

 width=

«Бүгінгі партияға қабылдау Алматы халқының басым бөлігінің «Nur Otan» жұмысына деген сенімін білдіреді. Партияның қалалық және аудандық филиалдары штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілуде, қоғамдық қабылдауда тұрғындарды толғандырған мәселелер бойынша өтініштер қаралуда. Бүгінгі таңда Алматының нұротандықтары барлық санаттағы азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға барын салатын болады», – деп қорытындылады Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.