Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты
ашық дереккөзі
Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені көтерді. "Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, еліміздің 113 жоғары оқу орнының 71-і заңгер мамандарын даярлайды. Оның ішінде аграрлық, педагогикалық, қаржылық, теміржол, инновациялық бағыттағы оқу орындары да заңгерлер даярлауда. Ведомстволық оқу орындары даярлаған мамандарды қоспағанда, жоғары оқу орындары соңғы 5 жылда 107 278 заңгер маман диплом алған. Сарапшылардың пікірінше, заңгерлік білім сапасы тіпті сын көтермейді", - деді Ләззат Сүлеймен. Сенатордың пікірінше, бұл саладағы жалғыз проблема емес. Құқықтану саласында арнайы кәсіби стандарттың жоқтығы, профессорлық-оқытушылық құрамның тапшылығы, сондай-ақ оқу және ғылыми процестерді үйлестірудің болмауы болашақ заңгерлерді даярлау сапасына теріс әсер етеді. Сенатор Л.Сүлеймен жағдайды жақсарту үшін Премьер-министрге бірқатар бастамаларды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Атап айтқанда, заңгерлерді оқытатын оқу орындарын лицензиялау шарттарын қатаңдату аса маңызды, студенттердің практикадан өту тетіктерін жетілдіру және заңгерлік маман даярлауды бейінді оқу орындарына беру қажет екенін жеткізді.