332
Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды
Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды
Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Ол осымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағыние ие болды. Бірінші рет 2017 жылғы маусым айында Қарағанды қаласында 2002-2003 жылғы туған жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанған болатын.
Айман Ибрагимова Сарыағаш аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Жаттықтырушы Алжан Төрекуловтың 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қажымұқан» атындағы спорт интернатына қабылданған. Пандемия жағдайына байланысты жаттығуын аудан аумағында жалғастыруда.