Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ
Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis автокөліктері.
- Genesis - Hyundai Motor компаниясының премиум суббрендті компаниясы, - деді бизнесмен Алматыда өткен журналистермен кездесуде. - Бірнеше аптадан соң The Ritz-Carlton қонақ үйінде осы брендтің жаңа кеңсесі мен студиясы ашылады. Биыл біз Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы Genesis жаңа автоорталығын салып бітіреміз деген ойдамын.
Сондай-ақ, Astana Group басшысы нарыққа шығатын екінші көлік туралы да айтып берді.
- Haval - жол талғамайтын көліктер шығаратын Қытай бренді. Оларды бүгінде Ресейде, Тула облысында құрастырады. Біз келіссөз жүргіздік және таяу арада Қазақстанда Haval көліктерін сатуды бастаймыз. Нұр-Сұлтанда Genesis және Haval дилерлік орталықтарын 2022 жылы ашамыз, - деп түсіндірді Нұрлан Смағұлов.