Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігі 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскенін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар, оның ішінде 70 жеке меншік бар. Жалпы білім алушылардың саны – 624 263 адам. Жоғары оқу орындарының 55% – жеке меншік ұйымдар. Оларда 391 309 адам оқуда (47 421-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша)», – дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. Оның айтуынша, жеке меншік университеттердегі білім алушылардың саны жыл сайын өсуде. Мысалы, 2016-2020 жылдар аралығында 53,8% өскен. «Атап айтқанда, контингенті ең көп жеке меншік жоғары оқу орындары: Шымкент университеті – 15 527, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университеті – 12 717, «SilkWay» университеті – 9 320 және олардың барлығы бір өңірде орналасқанын ескеру қажет. Яғни, іс жүзінде бірқатар жекеменшік университеттерді өз контингенті бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ сияқты ұлттық университеттермен салыстыруға болады. 2030 жылға қарай ЖОО түлектері екі есеге көбейіп, саны 301 602 адамға жетеді деп күтілуде», – деді департамент директоры.