СҚО-да әйелінің көңілдесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

СҚО-да әйелінің көңілдесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

СҚО-да әйелінің көңілдесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды
ашық дереккөзі
231
Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргеніне өкінеді. Қызғанышқа салынып, адам қанын мойнына жүктеген оған 9 жылға жаза кесілген. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Кирилл есімді ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргені үшін ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Болған оқиғаны ой тезіне салған ол бүгінде істеген ісіне қатты өкінеді. Оля мен Андрей бір-біріне мектепте оқып жүріп, ғашық болады. 2,5 жылдай жұптары жазылмаған қыз бен жігіттің мектеп бітірісімен жолдары екі айырылады. Екі қалаға жоғары оқу орнына түскен олар сол жақта шаңырақ көтереді. Андрей көп ұзамай әйелімен айрылысып кетеді. Оляның да бақыты баянды болмай шығады. Күйеуі ішкілікке салынады. Оля мен Андрей кездейсоқ кездеседі. Ер адам жұмыс бабымен жақында көшіп келген екен. Бұрынғы махаббаттары қайта тұтанып, екеуі Ольганың күйеуінен жасырын кездесе бастайды. «Арақты қойып, жұмысқа орналастым. Жағдай түзеліп келе жатқандай болып еді. Бірақ, әйелімнің суынғанын сездім. Себебін кейін білдім ғой. Үйге әдеттегіден ерте келдім. Ольганы көңілдесімен көргенде қызғаныштан өртеніп кете жаздадым. Ақылымнан алжасқандай болдым», - дейді Кирилл. Әйелінің көңілдесін пышақтаған Кирилді сот 9 жылға соттады. «Әйеліммен бетін ашып сөйлеспедім. Бірге тұра алмасақ ажырасуға болар еді. Ия, мен кінәлімін, бірақ әйелімді де ақтамаймын. Қандай мәселе болса да ерлі-зайыпты ашық сөйлесуі қажет, сол кезде оны ушықтырмай шешуге болады», - дейді Кирилл. Е С-164/3 мекемесінде Кирилл жаңадан «газэлектрдәнекерлеуші» мамандығын алды, жұмыспен қамтылған.  

Серіктес жаңалықтары