ҰҚК Шекара қызметі браконьерлік жүкті қолға түсірді

ҰҚК Шекара қызметі браконьерлік жүкті қолға түсірді

ҰҚК Шекара қызметі браконьерлік жүкті қолға түсірді
ашық дереккөзі
474
2021 жылдың 20 ақпанында Батыс қазақстан облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды полиция басқармасымен бірлесіп жүксалғышына 219 киіктің жаңа кесілген мүйіздері тиелген жеңіл автокөлікті ұстады, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметі. Ұсталған азамат көліктегі жүгімен бірге Орал қ. ПБ-ның Зачаган полиция бөліміне тапсырылды. Тасымалдаушы - Қазақстан азаматына қатысты ҚР Заңы ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын 17 440 000 теңгені құрайды. Анықтама: киіктер Қазақстанның Қызыл кітабына әзірге кірмеген, алайда, оларды аулауға тыйым салынған.  Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау ассоцияциасының атөқарушы директоры В. Воронованың айтуынша, 2015 жылы Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуы (Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарының аумағында 134 мыңға жуық киік қырылды, яғни сол кезеңде киік популяцияның 80% - ын құрады) олардың санының апатты төмендеуіне әкелді. Жаппай қырылудың нақты себептері белгісіз болып қалды. Қазіргі уақытта жануарлардың саны қалпына келтірілді, бірақ олардың жаппай қырылуының қайталануын жоққа шығаруға болмайды. Даламыздың табиғи өмірінің дұрыс үйлесуі үшін жануарлар әлемінің маңызы зор.  

Серіктес жаңалықтары