Қытай елінің кино жұлдызына айналған қазақ қызы

Қытай елінің кино жұлдызына айналған қазақ қызы

Қытай елінің кино жұлдызына айналған қазақ қызы
ашық дереккөзі
1914
Қытайдың kazakcnr.com сайтында Қытай елде миллиондаған бәсекелесінің оза шығып, талантымен талайды таңдай қақтырып жүрген қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза Әлімжанқызы кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал болған. Ол – 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Әкесі Әлімжан Нұрғазыұлы мен анасы Зайымхан Бейжің қаласындағы орталық ұлттар баспасының қазақ редакциясында жұмыс істейді. Олар 1970 жылдары Шыңжаннан Бейжіңге студент болып барып, жұмыс істеп, қоныстанып қалған екен. «Риза Бейжіңде алғаш мектепке барғанда сыныптастары түр-сипаты өздерінен өзгеше, ерекше балаға жатырқап қарап, Шыңжан өлкесінен келгенін біліп, «кәуапшы» (шашылық пісіруші) деп ат қойған. Мұны түсіне алмаған Риза анасынан себебін сұрағанда, анасы «балам, тек оқуыңды жақсы оқы, білімді, жақсы бала болсаң, елдің барлығы саған құрметпен қарайтын болады» дейді. Бұл сөз оның жігерін жанып, жан-жақты талаптануына оң әсерін тигізеді» деп жазылған мақалада. Аталған жазбаның дерегінше, Риза ән айтуға, кітап оқуға ынталы болуымен бірге, мектепте сабағын да үздік оқыған. Ол 15 жасында модельдік әлемге кездейсоқ қадам басып, танымал «Ruili» сән журналы ұйымдастырған байқауға қатысып жүлдегер атанады. Осылайша Риза «Ruili» журналының тарихындағы мұқабасына суреті басылған ең жас модель болумен бірге, 3 жыл осы басылымда келісімшартпен жұмыс істейді. Әйтседе, Риза модель болудан көрі актер болуға ынталы болып, 2002 жылы Бейжің кино академиясының актерлік факультетіне оқуға түседі. Ол кәсіби білім алып, оқуын аяқтаған соң «Картаңызды ашыңыз» фильміне түсіп, кино индустриясындағы тұңғыш өнер сапарын бастайды. Осыдан кейін таланытты қандасымыз аудиториясы үлкен Қытайдың кино индустриясына құлаш ұрып, өз қолтаңбасымен көрермен ықыласына бөленген көптеген фильмдерге түседі. Ол комедиялық «Суайттар шайқасы» киносында патша ордасындағы қырықпышақ болып қырылысып жататын күндес ханымдар туралы «Гаремдегі Чжуан Хуанның өмірі» телехикаясында, бүгінгі қала өміріндегі махаббат тақырыбы арқау болған «Махаббат па, оған мен дайын» телефильмінде және «Махаббат бұйрықтан аса алмайды», «Біз ғана білетін мекен» («Somewhere Only We Know»), «Шындық айтылмайтын аймақ», «Қарлы даладағы әйел патша», «Қуғындау» секілді көптеген фильмде рөлін сәтті сомдап шығады. Риза 2017 жылы «Қуғындау» филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде «БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса» номинациясында марапатталады. Ал, 2019 жылы «Чаңандағы бір тәулік» атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең «үздік актриса» атанады. Сондай-ақ, Ризаның 2020 жылы түскен «Тау-теңіздей махаббат» фильмі 2021 жылдың қаңтар айында көрерменге жол тартып, халықтың жақсы бағасына ие болды. «Ал, Риза соңғы қуанышты жаңалығын көпшілікке Weibo желісінде жариялап, өзінің ана атанып, қызы дүниеге келгенін айтты» деп жазады аталған БАҚ. қазақ қызы  width=

Серіктес жаңалықтары