Екатеринбургтік «Урал» футбол клубының қорғаушысы Исламжан Насыров Қазақстан чемпионатында өз мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
22 жастағы ойыншы енді түркістандық «Тұран» (бұрынғы «Арыс») командасының сапында ойнайтын болады.
Насыров – Орынбор облысында туып-өскен этникалық қазақ, ең алғаш новотроицктік «Носте» сапында ойнаған.