230
"Үй алуға көмектесемін": Қызылордалықтың 1,2 млн теңгесін заңсыз иемденген алаяқ ұсталды
"Үй алуға көмектесемін": Қызылордалықтың 1,2 млн теңгесін заңсыз иемденген алаяқ ұсталды
Қызылордада полицейлер 1 млн 250 мың теңгені заңсыз иемденген алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
17 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1988 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, оған белгісіз бір азаматша қала аумағында қолжетімді тұрғын үй алуға жәрдемдесемін деп уәде беріп, алдау арқылы 1 250 000 теңге көлемінде ақшасын иеленген.
Полиция қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.