Алмазбек Атамбаев Түркиядағы ауруханаға жатқызылды

Алмазбек Атамбаев Түркиядағы ауруханаға жатқызылды

Алмазбек Атамбаев Түркиядағы ауруханаға жатқызылды
ашық дереккөзі
159
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жүрек ауруына байланысты Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясына қатыса алмайды. Бұл туралы 19 қыркүйекте мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды. "Бішкектен Нью-Йоркке барар жолда Қырғызстан Республикасының делегациясы Ататүрік әуежайында басқа ұшаққа отыруы қажет болатын. Алайда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сырқаттанып, медициналық тексерістен өткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін мемлекет басшысына жедел түрде медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің алдын ала қорытындысына қарағанда, Алмазбек Атамбаевтың жүрегі сыр берді. Осыған байланысты Қырғызстан президенті медициналық тексерістен өтіп, біраз уақыт дәрігердің бақылауында болады", - делінген хабарламада. Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясында 17 қыркүйекте 60 жасқа толған Атамбаевтың орнына Қырғызстан делегациясын сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев басқарады. Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Түркияның Эгей жағалауындағы емханаға жатқызылды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Серіктес жаңалықтары