325
Елімізде бұралқы иттерді ұстауға бөлінетін қаржы көлемі 53 пайызға көбейді
Елімізде бұралқы иттерді ұстауға бөлінетін қаржы көлемі 53 пайызға көбейді
Бұралқы иттерді ұстап, жою үшін бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі 53%-ке артты. Бұл туралы жануарлар қорғаушысы Лилия Сәрсенова мәлімдеді.
Қомақты ақша берілгеніне қарамастан, соңғы бір жылда бұралқы иттердің саны 21%-ке көбейген. Яғни қолданыстағы жүйе тиімсіз екені байқалады. Лилия Сәрсенова жануарларды жоймай, керісінше, ұрықсыздандырып, қайтадан далаға жіберуді ұсынып отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".
Дамыған елдерде бұл тәжірибе көп уақыт бойы қолданылып келеді әрі жақсы нәтиже көрсетті. Ол үшін 3-5 жылдық бағдарлама қабылдаған жөн. Қазір жануарларды қорғаушылар заңға тиісті өзгерістер енгізуге атсалысып жатыр. Оған сәйкес ит пен мысықтарға зорлық-зомбылық жасайтындарға қатысты қылмыстық іс қозғалады. Үй жануарларына дұрыс қарамайтындар да жауапқа тартылады.
"Жануарларға зорлық-зомбылық жасайтындарға қатысты жазаны қатаңдатумен қатар заңды қайта қарастыру қажет болып тұр. Қазір қолданыста 300-ден астам нормативтік құқықтық акті бар. Олардың барлығы бір-біріне қарама-қайшы келеді. Бұл нормаларды біріктіріп, бөлек құжат әзірлеу керек. Жануарларға арналған баспаналарды да заң жүзінде рәсімдеген жөн", - дейді «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы Лилия Сәрсенова.