"Nur Otan" партиясы алматылық 16,5 мың мұқтаж отбасыны баспанамен қамтиды

"Nur Otan" партиясы алматылық 16,5 мың мұқтаж отбасыны баспанамен қамтиды

"Nur Otan" партиясы алматылық 16,5 мың мұқтаж отбасыны баспанамен қамтиды
ашық дереккөзі
Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалының фракция отырысында меаполистің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасы ұсынылды. Жол картасының жобасы депутаттық фракция мүшелерімен бірауыздан келісілді. Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтті. Алматының жол картасы мегаполисті дамытудың он екі драйверіне негізделген 180 пункттен тұрады. Жобада Жол картасын жүзеге асырудың әр жылға бағытталған нақты көрсеткіштері, сондай-ақ жауапты депутаттар мен мемлекеттік органдар бекітілген. «Аталған бағдарламаны жасай отырып, біз қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескердік, ол «Еңбек», «Бизнестің жол картасы–2025», «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Іскер ана» мемлекеттік бағдарламаларымен тығыз байланысты. Мысалы, Алматыда 5 жыл ішінде 15 мемлекеттік мектеп пен 25 жапсарлас құрылыс, сондай-ақ 15 мемлекеттік және 324 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі салынады. Бұл балалардың 99%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік беріп, оқушы орындарының тапшылығын айтарлықтай төмендетеді», - деді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев. Өз кезегінде, қалалық филиал мемлекеттік саясатта аса маңызды саналатын медицина саласын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Бұл ретте, 7 медициналық ұйым мен 12 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде 200 төсектік көпбейінді аурухана, 300 төсектік көпбейінді университеттік клиника салу жоспарлануда. Ал 2024 жылы 1400 төсектік Біріккен университеттік аурухана салынады. 350 км автомобиль жолдарын салу және 30 км газбен жабдықтау жоспарлануда. Сондай-ақ, мегаполистің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы барлық жолдарының үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Бұдан басқа, жол картасы 378 км сумен жабдықтауды, 281 км кәріз желілерін салуды және реконструкциялауды көздейді. Бүгінгі күні өзекті саналатын тұрғын үй мәселелері партияның Жол картасында да көрініс тапты.  width= «5 жыл ішінде 16,5 мың мұқтаж отбасы өз пәтерлерін алады, ал қала бойынша бір адамға тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 30 шаршы метрге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда, Бұдан бөлек, жыл сайын «Алматы Жастары 3.0» бағдарламасы бойынша 1000 жас отбасы баспаналы болады», - деп түйіндеді Алматы қаласының мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ләззат Ибрагимова. Бұдан бөлек, жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жандандырылады. Аталған мақсатта 114 ірі инвестициялық жоба іске асырылады, ал қала экономикасында 5 жыл ішінде 243,8 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы ету міндеті қойылып отыр. Мәселен, мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі 100%-ды құрайтын болады. Алматы Жол картасының әрбір тармағы бойынша партия бағдарламасының іске асырылу барысын бақылау үшін депутаттық фракция мүшелері бекітілді.