Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді

Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді
ашық дереккөзі
574
Алматыда 2021 жылға экстракорпоральды ұрықтандыруға (ЭКО) 800 квота бөлінді, деп хабарлады қала әкімі Бақытжан Сағынтаев. «Биыл Алматыға 800 квота бөлінді. Бұл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жүктелген. Келесі жылы Денсаулық сақтау министрлігі 300-350 квота бөлуді жоспарлап отыр. Квотаға қаражат республикалық бюджеттен түседі. Олар арнайы комиссия арқылы беріледі», – деді Б.Сағынтаев. Қала әкімшілігінің хабарлауынша, 2020 жылы 130 квота бөлінген, ал 700 әйел ЭКО кезегінде тұр.  

Серіктес жаңалықтары