Байден АҚШ-қа төніп тұрған басты террористік қауіпті атады

Ақ нәсілшілдер — АҚШ аумағындағы басты террористік қауіп. Мұндай пікірді ел президенті Джо Байден білдірді. Оның сөйлеген сөзінің үзіндісін CNN телеарнасы жариялады.

АҚШ көшбасшысы ақ нәсілді жақтаушылар мен Ку-клукс-клан мүшелерін «АҚШ-тағы ең қауіпті адамдар» деп атады. «Мен Әділет министрлігі мен оның азаматтық құқықтар бөлімі дәл осы адамдарға назар аударуын қадағалаймын. Мен ақтардың үстемдігі қозғалысының өсуіне қарсы ел боп күресуге үндеймін», – деді Байден.

Саясаткер бұл көзқарастардың жақтаушылары «психикалық ауру және қауіпті адамдар»екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа әкімшілік бұрынғы әскери және полиция қызметкерлерінің осы қозғалыстың танымал болуына ықпалы бар-жоғын зерттейді.

Back to top button