191
«Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды
«Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды
Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.
«Биыл 16 ақпанында Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процесстік кодекстің 128-бабына сәйкес «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкеновты ұстады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды», – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ержан Шайкенов 2015-2019 жылдар аралығында «Tengri Bank» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен. Ал 2020 жылдың шілдесінен бері осы банктің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.