Талғар мен Қаскелең жолдары кеңейтіледі – Бақытжан Сағынтаев

Талғар мен Қаскелең жолдары кеңейтіледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Онлайн форматта өтіп жатқан кездесу барысында әкім тұрғындардың қоршаған ортаға қатысты сұрағына жауап берді.

Оның айтуынша, қаладағы ауаның ластануына көліктердің көптігі себеп. Бүгінгі күні Алматыда 500 мыңнан астам көлік тіркелген. Одан бөлек, қалаға күніне 250 мыңнан астам көлік кіреді.

«Мұның бәрі қоршаған ортаға әсер етеді. Қаладағы көлік кептелістері де тұрғындарға жайсыздық әкеледі. Осы мәселені шешу үшін жол айырықтар салынып жатыр. Қаскелең, Қапшағай, Талғар бағыттарында кептелістер болмауы үшін біз Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жолдарды кеңейту мәселесін зерттей бастадық. Яғни, Талғар тас жолын кеңейту және төрт жолақты етіп жасау мәселесін талқылап жатырмыз. Қаскелең жолы да кеңейтіледі», – дейді әкім.

Back to top button